
Пазылбек Қайрат Серқұлұлы
«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры
Өмірбаян
1982 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.
Мемлекеттік Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын (2004-2008 ж.ж.), Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында «Спорт менеджері» магистрін аяқтаған.
2004-2007 ж.ж. Дзюдо күресі бөлімінің жаттықтырушысы, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ;
2007-2025 ж.ж. Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы, Түркістан қаласы;
2019-2020 ж.ж. Қазақ күресі федерациясы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, даму жөніндегі директор, Астана қаласы;
2021-2024 ж.ж. Qazaq Kuresi қауымдастық нысандағы заңды тұлғалардың бірлестігі, даму жөніндегі директор;
2024-2025 ж.ж. Qazaq Kuresi қауымдастық нысандағы заңды тұлғалардың бірлестігі, басқарушы директор;
2022-2025 ж.ж. «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК, қазақ күресінен аға жаттықтырушы, Астана қаласы.





