
Абылқасымов Ержан Ануарбекұлы
"Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" РМҚК директоры
Өмірбаян
1978 жылы 16 қарашада Абай облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген.
Шәкәрім атындығы Семей педагогикалық институтын (дене шынықтыру және спорт, құқықтану), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (дене шынықтыру және спорт, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (дене шынықтыру және спорт) тәмамдаған.
2001 жыл - Семей қаласы, ҚазТұтынуОдағының Семей жүн-тері колледжінің оқытушысы;
2001 жыл - Семей қаласы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Семей жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы колледжі кафедрасының оқытушысы;
2002-2003 жж - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік агротехникалық колледжінің оқытушысы, Семей қаласы;
2003-2004 жж - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік агротехникалық колледжінің оқытушысы, Семей қаласы;
2004 жыл - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік колледжінің оқытушысы, Семей қаласы;
2004-2005 жж - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік колледжінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы, Семей қаласы;
2005-2012 жж - "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы, Семей қаласы;
2012-2013 жж - "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, Семей қаласы;
2013 жыл - "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы, Семей қаласы;
2013-2016 жж - Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің докторантурасына қабылданған, Астана қаласы;
2016-2017 жж - "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, Семей қаласы;
2017-2019 жж - "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессорының (доцентінің) міндетін атқарушы, Семей қаласы;
2017-2022 жж - Ет және сүт өнімділігі бағытындағы тұқымдар жергілікті палатасының Шығыс филиалының директоры, Семей қаласы;
2017-2022 жж - "Сұңқар" шаруа қожалығының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы;
2017-2022 жж - "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, Семей қаласы;
2019-2021 жж - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры м. а., Семей қаласы;
2022 жыл - Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.у.а., Семей қаласы;
2022-2023 жж - Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а., Семей қаласы;
2023-2025 жж - Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Семей қаласы;
2025 жылдың желтоқсан айынан бастап, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" РМҚК директоры.





