Естаев Ержан Есімханұлы

    Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры

    Естаев Ержан Есімханұлы
    Директор

    Естаев Ержан Есімханұлы

    Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры

    Өмірбаян

    Ержан Есімханұлы Естаев 1983 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылында дүниеге келген. М.О. Әуезов атындағы Семей университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша оқыды.

    2004-2006 ж.ж. Семей қаласында №5 мектеп-интернатында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы.

    2006-2007 ж.ж. Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде дене шынықтыру және спорт мұғалімі.

    2007-2009 ж.ж. Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

    2009-2014 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасының «Семей қаласы бойынша №2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

    2014-2015 ж.ж. Семей қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары.

    2015-2022 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

    2022-2023 ж. Абай облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасы басшысының орынбасары.

    2024 ж. қаңтар-2024 ж. мамыр «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директордың қаржы және ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары (директордың м.а.).

    2024-2025 жж «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры.

    2025 ж. ақпаннан бастап «Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері