Залмуканов Мурат Дюсенович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Залмуканов Мурат Дюсенович
    Басқарма басшысының орынбасары

    Залмуканов Мурат Дюсенович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Залмуканов Мурат Дюсенович родился1968 жылғы 13 маусым күні Республикасы Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Скворкино ауылында дүниге келген

    1995 жыл - Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институты Экономика АОК салаларын басқару мамандығы, 2011 жыл - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті Кәсіптік білім мамандығын алған.

    ЕҢБЕК ЖОЛЫ

    Күні

    қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері

    қабылданған

    босатылған

    27.12.1985

    08.12.1987

    Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының «Янайкинское» арнайы шаруашылық бірлестігінің тракторшы-машинисті, Янайкин ауылы

    18.12.1987

    10.11.1989

    Кеңес әскері қатарындағы қызмет, Харьков қаласы

    20.12.1989

    09.06.1999

    Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының «Янайкинское» арнайы шаруашылық бірлестігінің тракторшы-машинисті; бригадир көмекшісі; бригадир; шаруашылық бөлік жөніндегі директорының орынбасары, Янайкин ауылы

    10.06.1999

    28.10.2003

    Батыс Қазақстан облысы Зеленый селолық округінің әкімі, Зеленый ауылы

    28.10.2003

    02.12.2010

    Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі; ұйымдастыру жұмысы бөлімі; ұйымдастыру, кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі, Переметный ауылы

    02.12.2010

    10.08.2012

    Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы, Переметный ауылы

    10.08.2012

    21.11.2013

    Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы – шаруашылық жұмысы бөлімінің басшысы, Переметный ауылы

    21.11.2013

    19.03.2018

    Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы, Переметный ауылы

    20.03.2018

    14.02.2019

    Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің орынбасары, Переметный ауылы

    14.02.2019

    23.01.2025

    Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары, Переметный ауылы

    24.01.2025

    қ/у

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Орал қаласы

    «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы

    1. Жалпы ережелер
    1. Осы нұсқаулықҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысы орынбасарының бағыныстылығын, міндеттерін, құқығын, жауапкершілігінанықтауүшінәзірленді.
    2. Басқарма басшысының орынбасары (бұданәрі – Басшының орынбасары) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының осы санаттағы мемлекеттік лауазымды тиісті мамандандыруға қатысты саладағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
    3. Басшының орынбасары басқарма басшысының бұйрығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
    4. Басшының орынбасары Басқарма басшысына бағынады және бұйрықтар, жұмыс тапсырмаларын алады.
    5. Басшының орынбасары қажет болғанда басқарма басшысының міндетін атқарады.
    6. Негізгі қызметкер уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар) осы лауазымды атқарушының лауазымдық міндеттерін атқару жөніндегі мәселелерБасқарма Басшысының анықтауы бойынша басшының екінші орынбасары немесе басшының орынбасары жетекшілік ететін бөлім басшыларынажүктеледі.
    7. Басшының орынбасарына автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімінің бөлім басшысы мен бас мамандары және автомобиль жолдарын жоспарлау және дамытубөлімінің бөлім басшысы мен бас мамандары бағынады.
    1. Басшының орынбасарының құқықтары
    1. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға.
    2. Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге.
    3. Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға.
    4. Лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға.
    5. Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және басқару, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болу.
    6. Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге.
    7. Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына.
    8. Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне.
    9. Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға.
    10. Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге.
    11. Бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға.
    12. Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге.
    13. Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына.
    14. Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға.
    15. Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға.
    16. Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға.
    17. Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге.
    18. Бөлімдердің жұмысын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге;
    19. Өз құзіреті шегінде құжаттарға бұрыштама соғуға.
    20. Басқарма қызметкерлерін марапаттауға және тәртіптік жаза салуға ұсыныстар енгізуге.
    21. Бағыныштыларына қатысты өкім жүргізуге және оның атқарылуын бақылауға құқылы.
    22. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша.
    23. Рұқсат құжаттарын беру бойынша.
    24. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша.
    25. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
    1. Басшының орынбасарының міндеттері
    1. Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша Басқарма жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық жасау.
    2. Басқарманың төмендегідей функцияларды орындау бойынша кешенді жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау:

    1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

    2) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп ұстау, оларды қайта жаңарту, пайдалану және оларға құрылыстар салуды ұйымдастыру мен қабылдап алумен байланысты кешенді жұмыстарды үйлестіру, жүзеге асыру;

    3) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша кешенді жұмыстарды үйлестіру;

    4) бюджет қаржысының оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыру;

    5) мердігерлердің орындаған жұмыс көлемдерін қабылдап алу (қол қою), сонымен қатар мердігер ұйымдармен жасасқан келісім-шарт бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісін (№2 форма) уақытында рәсімдеуді (тексеру, қол қою) қадағалау;

    6) жөндеу және құрылыс салу жұмыстарын орындау үшін уақытында мердігерлермен шарт жасау шараларын алады және олардың орындалуын бақылау;

    7) мердігерлердің шарт міндеттемелерін орындауын бақылау және қажет болғанда, айыппұл шарасын алу;

    8) облыстық маңызы бар автожолдардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысына әсер ететін апаттарда (тасқын, су басу, жер сілкінісі), сонымен қатар төтенше жағдайларда басқарма жұмысын ұйымдастыру және қадағалау;

    9) кірме жолдардың және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар жолдарға жанасатын жолдардың құрылысын келісу;

    10) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыру;

    11) облыстың автомобиль жолдарындағы жөндеу- құрылыс салу жұмыстарының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру;

    12) автомобиль жолдарын пайдалану, автомобиль жолдарын жөндеу, салу және қайта жаңарту, қаржы-экономикалық бөлімдерінің жұмыстарын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

    13) Басқармада іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау:

    14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
    2. Гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
    3. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.
    4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтау.
    5. Еңбек тәртібін сақтау.
    6. Әкімшілік рәсімдерді сақтау.

    11) облыстың автомобиль жолдарындағы жөндеу-құрылыс салу жұмыстарының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру;

    12) автомобиль жолдарын пайдалану, автомобиль жолдарын жөндеу, салу және қайта жаңарту, қаржы-экономикалық бөлімдерінің жұмыстарын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

    13) Басқармада іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау:

    14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
    2. Гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
    3. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.
    4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтау.
    5. Еңбек тәртібін сақтау.
    6. Әкімшілік рәсімдерді сақтау.
    1. Басшының орынбасарының жауапкершілігі

    Басқарма басшысының орынбасары мыналар үшін дербес жауап береді:

    1) қойылған міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындау және ұйымдастыру;

    2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі нормаларын сақтау;

    3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтау;

    4) уақтылы, сапалы және тиісті дәрежеде орындамағаны және/немесе әртүрлі заңдық жауапкершілікке әкеліп соғатын бұзушылықтар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері