Куаншалиев Марат Габделкаирович

    БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

    Куаншалиев Марат Габделкаирович
    Руководитель управления

    Куаншалиев Марат Габделкаирович

    БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Куаншалиев Марат Габделкаирович 1969 жылғы 7 мамыр Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы Калмыков ауылында дүниеге келген.

    1993 жылы - Алматы автомобиль жол институтын автомобиль жолдары мамандығы бойынша білім алған.

    ЕҢБЕК ЖОЛЫ

    Күні

    қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері

    қабылданған

    босатылған

    01.09.1986

    22.06.1993

    Алматы автомобиль жол институтының студенті, Алматы қаласы

    27.06.1987

    12.06.1989

    Кеңес әскері қатарындағы қызметі, Өскемен қаласы

    17.11.1993

    07.06.1996

    Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы қызметі, Орал қаласы

    16.06.1996

    20.10.1997

    «Ақшабақ» ШК балық аулаушылар бригадасының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Калмыков ауылы

    18.03.1998

    19.03.1999

    Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы қызметі, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы

    20.12.1999

    30.03.2000

    «Казавтодор» РМҚК ӨЖБ-3 филиалы ЖПК-2 жол жұмысшысы, Орал қаласы

    03.04.2000

    30.12.2000

    Батыс Қазақстан автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің жол қозғалысын және байланысты ұйымдастыру қызметі бөлімінің бастығы, Орал қаласы

    19.04.2001

    09.08.2001

    Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының сапаны бақылау және лаборатория бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Орал қаласы

    09.08.2001

    28.04.2003

    Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы сапаны бақылау және лаборатория бөлімінің бас маманы, Орал қаласы

    29.04.2003

    20.02.2006

    «Каздорпроект» ААҚ инженер-жолшы, Алматы қаласы

    22.02.2006

    30.03.2006

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің жол шаруашылығы бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Орал қаласы

    30.03.2006

    19.09.2007

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті жол шаруашылығы бөлімінің бастығы, Орал қаласы

    19.09.2007

    01.07.2008

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті жол шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Орал қаласы

    01.07.2008

    15.07.2008

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңарту бөлімінің бас маманы, Орал қаласы

    15.07.2008

    14.02.2011

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңарту бөлімінің бастығы, Орал қаласы

    23.05.2011

    30.03.2012

    «Сана Маркет» ЖШС бас маманы, Орал қаласы

    02.04.2012

    26.06.2012

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңарту бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Орал қаласы

    26.06.2012

    20.06.2013

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңарту бөлімінің бастығы, Орал қаласы

    20.06.2013

    03.07.2013

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Орал қаласы

    03.07.2013

    09.12.2016

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Орал қаласы

    29.08.2017

    17.07.2018

    «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚОФ директоры, Орал қаласы

    20.06.2024

    31.07.2024

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

    31.07.2024

    Қазіргі уақытқа дейін

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы

    «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының лауазымдық нұсқаулығы«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының лауазымдық нұсқаулығылауазымдық нұсқаулығы

    1. Жалпы ережелер

    1.Осы лауазымдық нұсқаулық «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік мекемесі басшысының бағыныстылығын, міндеттерін, құқықтарын және жауапкершілігін анықтау мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес әзірленді.

    1. Басқарма басшысы (бұдан әрі - Басшы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының осы санаттағы мемлекеттік лауазымды тиісті мамандандыруға қатысты саладағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
    2. Басшы Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

    4.Басшы облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына, облыс әкімінің қызметтің бағыттары бойынша жетекшілік ететін орынбасарларына бағынады және бұйрықтар, жұмыс өкімдерін алады.

    1. Басшыға Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері және техникалық қызметкерлері бағынады.

    6.Негізгі қызметкер уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар) осы лауазымды атқарушының лауазымдық міндеттерін атқару жөніндегі мәселелер Басқарма Басшысының анықтауы бойынша басқарма штатында болған жағдайда басқарма басшысының орынбасарына немесе басқарманың бөлім басшысына жүктеледі.

    1. Басшының құқықтары
    1. Заңнамаларда және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату және алу.
    2. Облыста жүргізілетін қаржы-несие, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты мәселелері бойынша және облыстағы көлік және коммуникация жағдайына әсер ететін басқа да жағдайларда шешімдер әзірлеуге қатысу.
    3. Көлікті пайдалану, жол-көлік оқиғалары ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған ұсыныстарды тиісті органдарға жолдау.
    4. Автобустар, шағын автобустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
    5. Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және басқару, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болу.
    6. Басқарма басшысы орынбасарларының және бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін белгілеу.
    7. Басқарманың қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындау және лауазымнан босату.
    8. Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану шараларын алу.
    9. Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығару, нұсқаулар беру, қызметтік құжаттарға қол қою.
    10. Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту.
    11. Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік ету.
    12. Белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешу, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылау.
    13. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша.
    14. Рұқсат құжаттарын беру бойынша.
    15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша.
    16. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
    1. Басшының міндеттері
    1. Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша Басқарма жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық жасау.
    2. Басқарманың төмендегідей функциялардың орындалуы бойынша кешенді жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау:

    1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;

    1-1) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау бойынша маршруттарды және қозғалыс кестелерін бекіту;

    3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерін келісу;

    4) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

    5) жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

    6) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын әзірлеу және жол жүрісін ұйымдастыру жобаларын әзірлеу;

    7) ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

    8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

    9) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

    10)Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

    11)жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары желісін басқару;

    12) кірме жолдарды және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;

    13) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    14) шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісу және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

    15)автомобиль көлігі, жолдар және жол қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    16) жалпы пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамыту, жалпы пайдаланылатын жолаушылар көлігі қызметін үйлестіру;

    17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізу және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап беру.

    4.Гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.

    1. Құпия құжаттармен жұмыстану.
    2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті қағидаларын сақтау.
    3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтау.
    4. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.
    5. Еңбек тәртібін сақтау.
    6. Әкімшілік рәсімдерді сақтау.
    7. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттермен талаптарды жүзеге асырады.
    1. Басшының жауапкершілігі

    Басқарма басшысы мыналар үшін дербес жауап береді:

    1) қойылған міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындау және ұйымдастыру;

    2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі нормаларын сақтау;

    3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтау;

    4) уақтылы, сапалы және тиісті дәрежеде орындамағаны және/немесе әртүрлі заңдық жауапкершілікке әкеліп соғатын бұзушылықтар.