Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Автомобиль көлігі, жолдар және жол қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
    Жалпы пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамыту, жалпы пайдаланылатын жолаушылар көлігі қызметін үйлестіру.

    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ ЖОЛАУШЫЛАР!

    2026 жылғы 26 қыркүйектен бастап теміржол көпіріндегі жөндеу жұмыстарының басталуына байланыстыОрал-Шыңғырлау бағытындағы№ 6874/6873 қала маңындағы пойызының қозғалыс кестесі өзгеретінін хабарлаймыз. Жұп күндеріпойыз Орал станциясынан өзгертілген кесте бойынша шығып, Шыңғырлау станциясына жетеді. Қалған күндері қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады — пойыз бұрынғы кесте бойынша жүреді. Жолаушылардан сапар күнін және тиісті қозғалыс кестесін мұқият ескеруді сұраймыз. Түсіністіктанытқандарыңызғарақмет! № Станции 6874 6873 Приб Стоян Отпр. Приб. Стоян Отпр. 1 Орал 10-35 19-45 2 Желаево 10-53 2 10-55 19-24 3 19-27 3 Пойма 11-14 2 11-16 19-04 2 19-06 4 Колузаново 11-27 10 11-37 18-52 2 18-54 5 Жайык 11-45 2 11-47 18-40 3 18-44 6 ОП 1338 11-57 1 11-58 18-28 1 18-29 7 Таксай 12-07 2 12-09 18-18 2 18-20 8 Алгабас 12-19 2 12-21 18-06 2 18-08 9 ОП 1370 12-31 1 12-32 17-55 1 17-56 10 Ангаты 12-38 2 12-40 17-48 1 17-49 11 Гугня 12-50 2 12-52 17-36 2 17-38 12 Пепел 13-07 2 13-09 17-19 2 17-21 13 Казахстан 13-19 5 13-24 17-04 5 17-09 14 Жаркий 13-35 2 13-37 16-53 1 16-54 15 Сулусай 13-47 2 13-49 16-41 2 16-43 16 Амангельды 14-05 2 14-07 16-23 2 16-25 17 Тузово 14-25 1 14-26 16-04 2 16-06 18 ОП 1473 14-40 1 14-41 15-49 1 15-50 19 Шынгырлау 14-55 15-35

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

    «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) 21.10.2026 жылғы сағат 15:00-де Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116, 218-бөлме мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды. Конкурсқа мынадай ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттардың пакеттерi шығарылады: п/н Маршрут нөмері Маршрут Аудан 1 109 Тайпақ – Орал – Тайпақ Ақжайық 2 151 Жаңақала – Орал – Жаңақала Жаңақала 3 196 Қаратөбе – Орал – Қаратөбе Қаратөбе Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Басқармаға конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116, 218-бөлме мекенжайы бойынша немесе [email protected] электрондық поштасына ұсынуы тиiс. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 07.10.2026 жылғы сағат 17:00-ге дейін. 25.09.2026 жылғы конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi. Анықтама алу үшiн телефондар: 8 (7112) 51-92-63, 51-91-64

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тайпақ, Жаңақала, Қаратөбе ауылы тұрғындарының және қонақтарының назарына!

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Орал-Тайпақ», «Орал-Жаңақала», «Орал-Қаратөбе» бағыты бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Қазақстан Елім» ЖШС-ның 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын тоқтатқанын хабарлайды. Осыған байланысты аталған бағыт бойынша автобус қатынасы уақытша тоқтатылатын болады. Қазіргі уақытта басқарма тарапынан жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында ықтимал тасымалдаушы компаниялармен жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жақын арада аталған маршруттарға қызмет көрсету құқығын беру үшін конкурс өткізу жоспарланып жатыр. Қосымша ақпарат тиісті шешімдер қабылданғаннан кейін тұрғындардың назарына ұсынылады. Облыс тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және шыдамдылық танытуды сұраймыз. Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 14-16 қазан аралығында Астана қаласында, EXPO Халықаралық көрме орталығында «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі – TransLogistica Kazakhstan 2026 өтеді

    📢 2026 жылғы 14-16 қазан аралығында Астана қаласында, EXPO Халықаралық көрме орталығында «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі – TransLogistica Kazakhstan 2026 өтеді. Көрме салалық шешімдердің толық кешенін ұсынады: жерүсті, әуе және теңіз көлігімен жүк тасымалдау және экспедиторлық қызметтер, жүктерді сақтау қызметтері, сондай-ақ жеткізу тізбегін басқару процестерін автоматтандыру саласындағы бағдарламалық жасақтама әзірлеушілерінің IT-шешімдері және тағы басқалары. Іс-шараны ұйымдастырушылар — Iteca және Атакент-Экспо компаниялары — өнеркәсіптік, өндірістік, логистикалық және сауда кәсіпорындарының көлік бөлімдерінің басшылары мен мамандарын TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесіне келіп, іскерлік бағдарламаға қатысуға шақырады. 📌 Тіркелу және толық ақпарат сайтта: www.translogistica.kz 🎟 Промокод: TLK2026AST 📩 Байланыс: [email protected] +7 771 258 34 34

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Оралдан Мәскеуге: жаңа бағыт, жаңа әуе тасымалдаушы

    2026 жылғы 27 қазаннан бастап Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Мәскеуге тікелей әуе рейстері орындала бастайды. Жаңа бағытта Орал әуежайы үшін жаңа әуе тасымалдаушы — Nordwind әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Жаңа бағыттың ашылуы әуежайдың жолаушылар үшін әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейту және маршруттық желіні дамыту бағытындағы жұмысының бір бөлігі. Өңір тұрғындары Мәскеумен тікелей әуе қатынасын ашу қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Енді жолаушылар Ресей астанасына тікелей ұшудың ыңғайлы мүмкіндігіне ие болады. Рейстер күзгі-қысқы навигация кезеңі бойы аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар 189 жолаушыға арналған Boeing 737-800 әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Әуе билеттері сатылымға шығарылды. Жаңа бағыт жолаушыларға жол жүру уақытын үнемдеуге, сапар үшін қолайлы күндерді таңдауға және саяхатты икемді жоспарлауға мүмкіндік береді. Мәскеу — ірі авиациялық тораптардың бірі. Бұл жолаушыларға Ресейдің басқа қалаларына және өзге де бағыттарға әрі қарай ұшу үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Орал халықаралық әуежайы жолаушылардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескере отырып, өңірдегі әуе қатынасын барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Жаңа бағыттың ашылуы және жаңа әуе тасымалдаушының келуі — осы жұмыстың тағы бір нәтижесі.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Жарияланды: