Аккозиев Орман Сейлханұлы

    Жетісу облысы бойынша экология департаментінің басшысы

    Аккозиев Орман Сейлханұлы
    Руководитель

    Аккозиев Орман Сейлханұлы

    Жетісу облысы бойынша экология департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Жоғары білімді. 1977-1982 ж.ж. Алматыдағы Қызыл Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтының студенті. Мамандығы бойынша біліктілік « агроном ».

    2013 жылы М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік институты «экология» мамандығын бітірді.

    1982-1989 жж. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Пригородный совхозында №1 бөлімде аграном, аграном-химик болып жұмыс істеді.

    1989-1991 жж. Жамбыл облысы Жамбыл аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

    1991 ж. Жамбыл облыстық партия комитетінің аграрлық саясат бөлімінде кеңесші болып жұмыс істеді, Облыстық партия комитеті таралғанға дейін

    2002 ж. ШҚ «Прогрес» жеке кәсіпорындарында жұмыс істеді.

    2005-2008 жж. - Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары.

    2008-2009 жылдары қайта ұйымдастырылуына байланысты Шу-Талас экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды.

    2008-2009 жж. Шу-Талас экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

    2009 жылы Шу-Талас экология бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

    2012-2019 жж. - Алматы қаласы Экология департаментінің басшысы

    2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

    Әскери шені: мотоатқыштар әскерлерінің резервіндегі аға лейтенант.

    «Экология саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған, министр мен комитет төрағасының құрмет грамотасы мен алғыс хаттары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері