
Исжанов Дархан Ерғалиұлы
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысы
Өмірбаян
Қарағанды мемлекеттік университетін механик-инженер мамандығы бойынша бітірген.
Қазпотребсоюз Қарағанды экономикалық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы болып бастаған.
2004 жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды облыстық санэпидсараптама орталығында инженер-бағдарламашы болып жұмыс істеді.
2006 жылдың тамыз айынан бастап Қарағанды қ.МСЭҚКД санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маман-заңгері болып жұмыс істеді.
2006 жылдың қазан айынан бастап МСЭҚКД санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасы бөлімінің жетекші маман-заңгері болып жұмыс істеді.
2008 жылдың шілдесінен бастап "Қарағанды облысы бойынша МСЭҚК департаменті"ММ жетекші маман - заңгері болып жұмыс істеді.
2009 жылдың наурыз айынан бастап" Қарағанды облысы бойынша МСЭҚК департаменті"ММ ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, заңгері болып жұмыс істеді.
2009 жылдың қараша айынан бастап" ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология департаменті"ММ жиынтық-талдау жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2011 жылдың наурыз айынан бастап" ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология департаменті"ММ әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықтық қамтамасыз ету және режимдік жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2012 жылдың тамыз айынан бастап 2014 жылдың шілде айына дейін Қарағанды қаласы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің Әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2014 жылдың қараша айына дейін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің Әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2014 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің Әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің Әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың желтоқсан айына бастап 2019 жылдың тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2018 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы мамырға дейін ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары - Павлодар облысы бойынша Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы, Павлодар қаласы.
2021 жылғы мамырдан бастап 2023 жылғы мамырға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары - Қарағанды облысы бойынша Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы, Қарағанды қ.
2023 жылғы мамырдан бастап осы жылға дейін ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Қарағанды қ.





