Алиев Данияр Балтабаевич

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы

    Алиев Данияр Балтабаевич
    Руководитель

    Алиев Данияр Балтабаевич

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1998 жылы Х. А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Экология және мониторинг» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдың тамызынан 2004 жылдың маусымына дейін осы басқарманың бас маманы болып бастаған.

    2004 жылдан 2005 жылға дейін-ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің бас маманы.

    2005 жылдан 2006 жылға дейін-Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің бастығы, облыстың бас мемлекеттік экологиялық сарапшысы.

    2006-2008 жылдары-ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу департаментінің табиғатты пайдалануға рұқсат беру бөлімінің бастығы.

    2008-2009 жылдары- инженер-эколог, «Мир-Д» ЖШС бас инженері (Шымкент қ.).

    2009 жылдың қаңтар-шілде айларында- Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға ғылыми қызметкері (Түркістан қ.).

    2009 жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін- ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология департаментінің жетекші маманы (Қарағанды қ.).

    2009 жылдан 2010 жылға дейін-Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті рұқсаттар және лицензиялар беру басқармасының бас сарапшысы.

    2010 жылдан 2012 жылға дейін-Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.

    2012 жылдың наурыз айынан шілде айына дейін-ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жайық-Каспий экология департаменті бастығының орынбасары (Ақтау қ.).

    2012 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің бастығы;

    2013 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

    2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарды.

    2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарады.

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 20 жыл толуына орай «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Экологиялық қызметке 30 жыл» ведомстволық медалімен марапатталған, жоғары кәсібилігі үшін бірнеше рет «Үздік белгі» төс белгісімен, көптеген грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері