Мұсапарбеков Қанат Жантұяқұлы

    Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы

    Мұсапарбеков Қанат Жантұяқұлы
    Руководитель

    Мұсапарбеков Қанат Жантұяқұлы

    Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру мамандығы бойынша Семей қаласындағы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді.

    Экономика және өндірісті басқару мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін бітірді.

    Еңбек жолын 1980 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс-Қазақстан облысындағы КПСС XXV съезі ат. атындағы совхозда жұмысшы болып бастады.

    1981 жылдың тамыз айынан бастап Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының студенті.

    1984 жылдың маусым айында Кеңес Әскері қатарына шақырылды.

    1989 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың қазан айына дейін Аягөз қаласындағы Аягөз ет комбинатында аға шебер болып жұмыс істеді.

    1997 жылдың қазан айынан 1997 жылдың қараша айына дейін Аягөз қаласында "Аягөз авторемзавод" АҚ атқарушы директор лауазымында жұмыс істеді.

    1997 жылдың қараша айынан 1998 жылдың қыркүйек айына дейін Шығыс-Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп және коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

    1998 жылдың қыркүйек айынан 2004 жылдың мамыр айына дейін Шығыс-Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары.

    2004 жылдың мамыр айынан 2006 жылдың маусым айына дейін Шығыс-Қазақстан облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

    2006 жылдың маусым айынан 2007 жылдың маусым айына дейін Шығыс-Қазақстан облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының міндетін атқарды.

    2007 жылғы маусым мен 2007 жылғы қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің су көлігіндегі бақылау басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

    2007 жылдың қараша айынан 2008 жылдың қаңтар айына дейін Шығыс-Қазақстан облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

    2008 жылдың қаңтар айынан 2009 жылдың сәуір айына дейін Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекциясы бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

    2009 жылдың сәуір айынан 2009 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің тұрақты даму басқармасының сарапшысы лауазымында жұмыс істеді.

    2009 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың маусым айына дейін Атырау қаласында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.

    2011 жылдың маусым айынан 2012 жылдың шілде айына дейін Петропавл қаласында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.

    2012 жылдың шілде айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін Өскемен қаласында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің бастығы.

    2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы қызметін атқарды.

    2014 жылдың қазан айынан 2015 жылдың наурыз айына дейін Астана қаласында "Қазатомөнеркәсіп" ҰК АҚ еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы.

    2015 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың қараша айына дейін Астана қаласында "Қазатомөнеркәсіп" ҰК АҚ еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің Директоры.

    2016 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін Қарағанды қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

    2023 жылдың қаңтар айынан бүгінгі таңға дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысы

    Мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және қоршаған ортаны қорғау саласында әртүрлі оқыту мен курстардан өтті.

    Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары:

    2008 жыл, Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» Медалі

    2011 жыл, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» Медалі

    2017 ж. «Ерең еңбегі үшін» медалі

    2018 жыл, «Экология саласының үздігі» төс белгісі

    2018 жыл, «ҚР Экологиясына 30 жыл» медалі

    2020 жыл «ҚР Конституциясына 25 жыл» Медалі

    2021 жыл «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медаль

    2021 жыл, Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» медалі

    2022 жыл, «Құрмет» ордені

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері