Жұмашев Рүстем Сағынғалиұлы

    Руководитель отдела

    Жұмашев Рүстем Сағынғалиұлы
    Руководитель отдела

    Жұмашев Рүстем Сағынғалиұлы

    Руководитель отдела

    Өмірбаян

    Жұмашев Рүстем Сағынғалиұлы 1982 жылғы 27 маусымда Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарасу ауылында туған.

    Білімі жоғары, Орталық Азия университетін 2003 жылы қаржы және несие мамандығы, 2006 жылы құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2004 жылы «Қаржылық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ-де бақылау бөлімінің жетекші маманы-жетекші тексеру бақылаушысы болып бастады.

    2005 жылғы ақпаннан 2007 жылғы шілдеге дейін «Мемлекеттік сатып алуды қаржылық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ-де бақылау іс-шараларын орындау бөлімінің жетекші маманы-жетекші бақылаушысы.

    2007 жылғы шілдеден қыркүйекке дейін «Рудный қаласы бойынша салық комитеті» ММ жанама салықтар бөлімінің бас маманы.

    2007 жылғы қыркүйектен 2008 жылғы желтоқсанға дейін «Рудный қаласы бойынша салық комитеті» ММ салық аудиті бөлімінің бас маманы.

    2008 жылғы желтоқсаннан 2009 жылғы сәуірге дейін «Қостанай қаласы бойынша салық комитеті» ММ заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы.

    2009 жылғы сәуірден 2010 жылғы қаңтарға дейін «Көмекші КSТ» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары.

    2010 жылғы сәуірден маусымға дейін «Қостанай ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі»ММ заңгері.

    2010 жылғы маусымнан 2011 жылғы қаңтарға дейін «Қостанай ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, меңгерушісі.

    2011 жылғы қаңтардан шілдеге дейін «Қостанай ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ өндірістік-құқықтық секторының бас маманы.

    2011 жылғы шілдеден 2013 жылғы ақпанға дейін «Қостанай ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ экономикалық саясат, жоспарлау және коммуналдық меншік секторының меңгерушісі.

    2013 жылғы ақпаннан 2014 жылғы қаңтарға дейін - жеке кәсіпкерлік қызмет.

    2014 жылғы қаңтардан 2015 жылғы қаңтарға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.

    2015 жылғы қаңтардан 2016 жылғы сәуірге дейін «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

    2016 жылғы сәуірден мамырға дейін «Қазақтелеком»АҚ филиалының Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясының сатуды басқару қызметінің сату жөніндегі менеджері.

    2016 жылғы мамырдан 2024 жылғы шілдеге дейін - жеке кәсіпкерлік қызмет.

    2024 жылғы қыркүйектен қазанға дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ әдіскері.

    2024 жылғы 15 қазаннан бастап «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.

    2024 жылғы 24 желтоқсаннан бастап «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері