
Қылышбаев Ақжол Болатұлы
Көкшетау қаласы әкімінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, көлік және жол мәселелері жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
Қылышбаев Ақжол Болатұлы 1992 жылы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген.
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «құқықтану» біліктілігі бойынша бітірген.
2018 жылдан 2020 жылға дейін Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының заң бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді;
2021 жылы Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының заң бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;
2021 жылдан 2024 жылға дейін Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және жылумен жабдықтау объектілері бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;
2024 жылдан 2025 жылға дейін Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді;
2025 жылғы 21 қаңтардан бастап Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.



