
Шұқатова Гүлмира Темірболатқызы
Көкшетау қаласы әкімінің қаржы-экономикалық мәселелер, мемлекеттік сатып алулар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері бойынша орынбасары
Өмірбаян
Гүлмира Темірболатқызы 1972 жылы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Молодежное ауылында дүниеге келген.
1990 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын «қаржыгер»мамандығы бойынша аяқтады.
2003 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау қалалық қаржы бөлімі Штаттар бөлімінің ІІ санатты экономисі болып бастады;
2002-2005 жылдары – «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» ММ жинақтау бөлімінің бас маманы.
2005-2011 жылдары «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік саясат секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді;
2011-2015 жылдары «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды;
2015 жылдың маусым айынан 2021 жылдың сәуір айына дейін «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы лауазымында болды;
2021 жылдың 4 мамырынан бастап Көкшетау қаласы әкімінің лауазымында қызмет атқаруда.



