Нөгертаева Айгүл Бексұлтанқызы

    Көкшетау қаласы әкімінің білім беру, ішкі саясат, тілдерді дамыту, жастар саясаты, дін істері, мәдениет, спорт, халықты жұмыспен қамту және денсаулық сақтау мәселелері бойынша орынбасары

    Нөгертаева Айгүл Бексұлтанқызы
    Заместитель акима

    Нөгертаева Айгүл Бексұлтанқызы

    Көкшетау қаласы әкімінің білім беру, ішкі саясат, тілдерді дамыту, жастар саясаты, дін істері, мәдениет, спорт, халықты жұмыспен қамту және денсаулық сақтау мәселелері бойынша орынбасары

    Өмірбаян

    Нөгертаева Айгүл Бексұлтанқызы 1969 жылы 22 шілдеде Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген.

    1991 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «педагогика және психология (мектепке дейінгі)» мамандығы бойынша бітірген;

    2016 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1986 жылы СҚО Ақжар ауданы, Талшық ауылыАрман балабақшасының тәрбиешісі болып бастаған;

    1991 - 1992 жылдары Көкшетау облысы, Аудандық әдістемелік кабинетінің эстетика бойынша әдіскері болып жұмыс істеді;

    1992-1994 жылдары Көкшетау облысы, Ленин ауданының әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері бойынша хатшысы болып жұмыс істеді;

    1994 жылдан 1996 жылға дейін Көкшетау облысы Ленин ауданының әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері болып жұмыс істеді;

    1996 жылдан 1997 жылға дейін Көкшетау облысы Ленин ауданының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып жұмыс істеді;

    1997 жылы СҚО Ақжар ауданы Талшық орта мектебінің тарих және география мұғалімі болып жұмыс істеді;

    1997 жылдан 2000 жылға дейін СҚО Ақжар ауданы Талшық орта мектебінің директорының орынбасары-ұйымдастырушы болып жұмыс істеді;

    2000 жылдан 2002 жылға дейін СҚО Ақжар ауданы Талшық орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді;

    2002 жылы СҚО Ақжар ауданының білім бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;

    2003 жылдан 2004 жылға дейін Ақмола облысының ішкі саясат департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді;

    2004 жылдан 2005 жылға дейін Ақмола облысының ақпарат басқармасының бас маманы, Ақмола облысының ақпарат басқармасының ұйымдастыру жұмысы бойынша бас маманы және Көкшетау қаласының білім бөлімінің кадрлар жұмысы бойынша кеңесші қызметтерін атқарды;

    2005 жылдан 2006 жылға дейін Көкшетау қаласының білім және спорт бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді;

    2006 жылы Көкшетау қаласының білім және спорт бөлімінің ұйымдастыру-кадрлар жұмысы секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді;

    2006 жылдан 2010 жылға дейін Красный Яр №1 орта мектебінің директорыныің міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді;

    2010 жылдан 2016 жылға дейін Көкшетау қаласының № 8 орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді;

    2016-2019 жылдары Көкшетау қаласының № 11 орта мектеп-гимназияның директоры болып жұмыс істеді;

    2019 жылы Көкшетау қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді;

    2019 жылдан 2020 жылға дейін Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі басшысы болып жұмыс істеді;

    2020 жылдан 2021 жылға дейін Ақмола облысының білім басқармасы қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімінің кадр жұмыстары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;

    2021 жылдан 2025 жылға дейін «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді;

    2025 жылғы 10 ақпаннан бастап Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері