
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Айтай Әлімжан Қайратұлы 1994 жылғы 9 тамызда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесінде бастап, жетекші маман қызметін атқарды. Кейін қызметті қамтамасыз ету, сараптама жүргізу, қауіпсіздік мәселелері және ұйымдастырушылық басқару бағыттарындағы лауазымдарды атқарды.
2020–2022 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2022–2023 жылдары «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2023–2024 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда еңбек етті.
2024 жылы «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарды.
2025 жылғы 4 қаңтардан 2026 жылғы 14 қаңтарға дейін Көкшетау қаласы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.



