
Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1966 жылы 9 қаңтарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келді.
1982 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін 1982-1987 жылдары Қарағанды политехникалық институтында «Инженер-механик» мамандығы бойынша білім алды
Үйленген, 4 баланың әкесі
Еңбек жолын 1987 жылы Ақтау совхозында бригадирдің көмекшісі болып бастап, гараж меңгерушісі, инженер жабдықтаушы, №4 бөліміне меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1994-2003 жылдар аралығында «Жылысай» шаруа қожалығының жетекшісі;
2003-2009 жылдары Жаңаарқа аудандық тексеру комиссиясының төрағасы;
2009-2011 жылдары «Тазасу» КМК-сының директоры;
2011-2019 жылдары «Жаңаарқа Жылу» КМК-сының бас инженері;
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Тазасу» КМК-сының директоры, IV шақырылым бойы аудандық Мәслихатының депутаты болып, ал қазіргі уақытта Ұлытау облыстық Мәслихатының депутаты





