Бодықов Еркебұлан Жалғауұлы

    Ұлытау облыстық мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Бодықов Еркебұлан Жалғауұлы
    Депутат маслихата

    Бодықов Еркебұлан Жалғауұлы

    Ұлытау облыстық мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    Бодықов Еркебұлан Жалғауұлы, 1978 жылы 11 қаңтар Жезқазған облысы Ақадыр ауданында дүниеге келді.

    1984-1994 ж.ж. - Мектеп жылдары

    1994-1997 ж.ж.- Жезқазған құрылыс техникумы, техник-құрылысшы

    1997-2000 ж.ж.- Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті. Инженер – құрылысшы

    2000-2001 ж.ж.-ҚР Қарулы Күш қатары

    2013-2015 ж.ж.- «ҚазТұтынуОдағы» Қарағанды экономикалық университетінде «Экономикадағы құқықтану» мамандығын тәмәмдады.

    Отбасылы, 7 бала тәрбиелеп отыр.

    2003-2005 ж.ж. - «Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы

    2005-2006 ж.ж.- «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

    2006-2008 ж.ж.- «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

    2008-2009 ж.ж.-Сәтбаев қаласы әкімі аппаратында Жезқазған кентінің әкімінің орынбасары

    2009 жылдың мамыр айынан бастап -жеке кәсіпкерлік қызмет

    2016-2017ж.ж.- «ПТВС» АҚ Жезқазған қаласының ғимараттар мен құрылыстарды қадағалау жөніндегі жетекші инженері

    2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін - «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ұлытау ауданындағы филиалының жетекшісі

    2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін - Жезқазған қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі

    2022 жылы «Құрмет» орденімен марапатталдым.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері