
Аманов Ақылбек Түсіпұлы
Ұлытау облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, қала құрылысы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Өмірбаян
Аманов Ақылбек Түсіпұлы, 1968 жылы 01 сәуірде Қазақстан Республикасы Жезқазған облысында, Жезді ауданында, Қарсақбай кентінде дүниеге келген.
1975 жылы Жезқазған қаласының №15 орта мектебінде білім алып, 1985 жылы бітірді.
1985 жылы Жезқазған филиалы Қарағанды политехникалық институтының инженер-механик мамандығы бойынша оқуға түсті.
1986-1988 жылдары Ауғанстан Демократиялық Республикасында қызмет атқарған.
Отбасылы, 4 баласы бар.
1991 жылы еңбек жолы басталды. Диплом алғаннан кейін ШҚ "Сары-Арқа" жабдықтаушы болып жұмыс істеді.
1993 жылы ГК – 1 байыту фабрикасында слесарь-механик болып жұмыс істеді.
1995 жылы Жезқазған қаласының ІІМ-де 2006 жылға дейін қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс істеді.
2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін ЖМ "Жезқазған заң колледжі" директоры болды.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ЖМ "Жезқазған көпсалалы колледжі" директоры болып жұмыс істейді.





