
Болатбекова Жанагуль Жанабаевна
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Болатбекова Жанагуль Жанабаевна, 1970 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Морозовка ауылында дүниеге келген. 1987 жылы орта мектепті бітірді.
1987 жылдан бастап 1992 жылға дейін Жезқазған педагогикалық институтында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.
1994 жылы еңбек жолын "№26 гимназияда" мұғалім болып бастады. 2002 жылдан бастап директордың орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылдың 19 сәуірінен бастап Жезқазған қ. білім бөлімінің "№3 жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры болып тағайындалды.
2022 жылдың 4 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "№4 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры қызметін атқаруда.
2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды.
2020 жылы "Білім беру кәсіподағына қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.





