
Жұмағалиев Мәулен Бүркітқалиұлы
Инспекция басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Мәулен Бүркітқалиұлы Жұмағалиев 1977 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгір ауылында туған.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін агроном мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1998 жылы «Қызылтан» шаруа қожалығында агроном болып бастаған.
01.09.1998-25.03.2005 жылдары «Қызылтан» шаруа қожалығы - Агроном
17.04.2006-22.11.2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақсу аудандық аумақтық басқармасының өсімдіктерді қорғау бөлімі - өсімдіктер карантин жөніндегі инспекторы.
22.11.2006-15.12.2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақсу аудандық аумақтық басқармасы - жетекші маман - өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы.
15.12.2006-01.03.2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы - жетекші маман - өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы.
03.03.2008 - 01.02.2010 жылдары Ақсу аудандық жер қатынастары бөлімі – бас маман.
01.02.2010 - 10.02.2012 жылдары Ақсу аудандық жер қатынастары бөлімі - бөлім бастығы.
10.02.2012-05.03.2014 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігі, - Әкімінің орынбасары.
05.03.2014-23.12.2015 жылдары Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі - бөлім басшысы.
24.12.2015-19.12.2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы - бас маман - өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы.
20.12.2017-25.07.2022 жылдары Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі - бөлім басшысы.
25.07.2022-25.11.2024 жылдары Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі - бөлім басшысы.
25.11.2024 бастап - осы уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.




