Елтай Хамиджанұлы
Басшы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
1966 жылғы 12 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген.
Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысы, «Красноярский» совхозында жұмысшы болып бастады;
1984 ж. — Ақмола облысы, «Красноярский» совхозының ағаш ұстасы;
1988–1993 жж. — Ақмола облысы, «Красноярский» совхозының агроном-экономисі;
1993–1998 жж. — Ақмола облысы, «Красноярский» совхозының № 3 трактор бригадасының бригадирі;
1998 жылғы 21 қаңтар — Ақмола облысы, «Маншук» өндірістік кооперативінің өндіріс жөніндегі директордың орынбасары;
1998 жылғы 1 қарашадан 2006 жылғы 03 сәуірге дейін — Ақмола облысы, «Маншук» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс жөніндегі директордың орынбасары;
2006 жылғы 06 сәуір – 2006 жылғы 19 маусым — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өндірістік бөлімінің бастығы, Астана қаласы;
2006 жылғы 19 маусым – 2009 жылғы 10 сәуір — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өндірістік мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары, Астана қаласы;
2009 жылғы 10 сәуір – 2014 жылғы 31 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
2015 жылғы 5 қаңтар – 2020 жылғы 31 желтоқсан — «НПО Агроспец» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының орынбасары, Астана қаласы;
2021 жылғы 5 қаңтар – 2023 жылғы 04 қыркүйек — Ақмола облысы, Бараев атындағы «Ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасының орынбасары;
2023 жылғы 04 желтоқсан – 2024 жылғы 02 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
2025 жылғы 20 қаңтар — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің басшысы болып тағайындалды, Астана қаласы.



