Жетенова Самал Асылбекқызы
Басшы
Өмірбаян
1984 жылғы 21 қыркүйекте Ақмола облысында дүниеге келген.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының майлы дақылдар селекциясы зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған.
2007–2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ММ ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің аудармашысы.
2009–2013 жылдары — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогигалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру өңіраралық орталығының әдіскері.
2013–2014 жылдары — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері және өсімдік шаруашылығы және егіншілік кафедрасының оқытушысы.
2014–2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі» ММ бас маманы.
2016–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ филиалы Дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигінің бас маманы.
2018–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ Орталық карантиндік зертханасының бас маманы.
2020–2026 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ Фитосанитариялық тәуекелді талдау және зертханалық сараптамалар бөлімінің басшысы.
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ басшысы болып тағайындалды.



