Баймағанбетов Батырбек Өтегенұлы
Бас директор
Өмірбаян
1978 жылғы 25 наурыз Қызылорда облысында дүниеге келген.
С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық институтын бітірген.
2002 жылы еңбек жолын Астана қаласы бойынша жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорынның Жерге орналастыру бөлімінің маманы, содан кейін бас маманы болып бастады;
2004–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау еншілес мемлекеттік кәсіпорны № 3 бөлімінің бастығы;
2007–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстары басқару агенттігі «Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының бірінші орынбасары;
2012–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары;
2016 жылғы сәуір – тамыз аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары;
2016 жылғы тамыз – қараша аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясының Жұмысты талдау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
2017 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жер кадастры департаментінің директоры;
2018–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары;
2025 жылғы шілде – қыркүйек айлары аралығында «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Бас директорының орынбасары;
2025 жылғы қыркүйектен бастап «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры.



