
Орынбаева Әсем Маратқызы
Басшының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
Әсем Маратқызы Орынбаева 1978 жылғы 12 қазанда Абай облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2002 жылы Семей онкологиялық диспансерінде дәрігер-онколог қызметінен бастады.
2008–2011 жылдары Семей онкологиялық диспансерінің химиотерапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2011 жылы Астана қаласындағы Онкологиялық диспансерде дәрігер-химиотерапевт болып жұмыс істеді.
2011–2019 жылдары Астана қаласындағы Онкологиялық диспансердің күндізгі стационарын басқарды.
2019–2020 жылдары «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС-де ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіру жұмысы бөлімінің, кейін қатерлі ісіктердің алдын алу, ерте диагностикалау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2020–2023 жылдары Астана қаласындағы «Oncolife» медициналық орталығында медициналық директор қызметін атқарды.
2023–2024 жылдары Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №5 дәрігерлік амбулаториясы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің міндетін атқарушы болды.
2024 жылдың қазан–желтоқсан айларында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарды.
2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.


