Молдабеков Талғат Қаркенұлы

    Басқарма басшысы

    Молдабеков Талғат Қаркенұлы
    Басқарма басшысы

    Молдабеков Талғат Қаркенұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Талғат Қаркенұлы Молдабеков 1969 жылы 20 маусымда Семей облысы Семей қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Денсаулық сақтау саласындағы іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша білім алған. Медицина ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек жолын 1990 жылы Семей қаласының Орталық қалалық ауруханасында кардиология бөлімінің мейіргері қызметінен бастады.

    1993–2001 жылдары Семей қаласының Орталық қалалық ауруханасында кардиолог және анестезиолог-реаниматолог дәрігері қызметтерін атқарды.

    2001–2008 жылдары Семей мемлекеттік медицина академиясында терапия кафедрасының ассистенті болып еңбек етті.

    2008–2009 жылдары Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында кардиолог дәрігер қызметін атқарды.

    2009–2017 жылдары «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ-да кардиология бөлімінің меңгерушісі болды.

    2017–2022 жылдары Астана қаласындағы «UMC» корпоративтік қорының Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы мен «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» ЖШС-де бөлім меңгерушісі, кардиолог дәрігері және Көпсалалы терапия орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    2022–2024 жылдары Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының стратегиялық даму және ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    2024 жылғы 10 сәуірден бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

    Көпжылдық адал еңбегі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2019 жыл) ведомстволық төсбелгілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Құрмет» орденімен (2025 жыл) марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері