
Саимова Айсұлу Жұмабайқызы
Басшының медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
Айсұлу Жұмабайқызы Саимова 1983 жылғы 15 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын «Стоматология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінде «Медицина» мамандығы бойынша магистратураны, 2017 жылы осы оқу орнында «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантурасын аяқтаған. «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторы.
Еңбек жолын 2007 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының стоматологиялық емханасында емдеу бөлімшесінің дәрігер-стоматологы қызметінен бастады.
2009–2019 жылдары Семей мемлекеттік медицина академиясында, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінде және «Семей медицина университеті» КеАҚ-да кафедра ассистенті, ректордың көмекшісі, бет-жақ және пластикалық хирургия кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы қызметтерін атқарды.
2020–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің Мейіргер ісін дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2021–2022 жылдары «Астана медицина университеті» КеАҚ-да доцент және Академиялық қызмет департаменті директорының орынбасары, сондай-ақ «Семей медицина университеті» КеАҚ-да оқытушы және доцент міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2022–2024 жылдары Абай облысы денсаулық сақтау басқармасында медициналық көмекті ұйымдастыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бөлімінің басшысы, кейін амбулаториялық-емханалық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2024 жылғы 22 шілдеден бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.


