Ставицкая Виктория Александровна

    Ұлытау облыстық мәслихатының экономикалық даму, бюджет қаржы өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Ставицкая Виктория Александровна
    Депутат маслихата

    Ставицкая Виктория Александровна

    Ұлытау облыстық мәслихатының экономикалық даму, бюджет қаржы өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    1972 жылы 30 сәуірде Қарағанды облысы Қарсақпай кентінде дүниеге келді. Ұлты орыс. Білімі – жоғары.

    Еңбек жолы 1990 жылы басталды, 2005 жылға дейін Сәтбаев қаласының, Жезқазған қаласының қаржы органдарында бас маман лауазымында жұмыс істеді.

    2005 жылы «Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып, 2009 жылы «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.

    2010 жылдан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін «Жезқазған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы, 2013 жылдан 2022 жылдың маусымына дейін «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың маусым айында «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

    2022 жылдың қараша айынан бастап 2024 жылдың қазан айына дейін «Ұлытау облысының экономика басқармасы» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

    2024 жылғы 16 қазанда VIII сайланған Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты болып сайландым. Ұлытау облыстық мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 16 қазандағы шешімімен Ұлытау облыстық мәслихатының Экономикалық даму, бюджет, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері