
Үтелов Сағи Мұрасұлы
Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры
Өмірбаян
Үтелов Сағи Мұрасұлы 1994 жылы 6 шілдеде Тараз қаласында дүниеге келген.
2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Техникалық физика мамандығы бойынша үздік бітірді.
2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жылуэнергетика мамандығы бойынша магистартураны үздік бітірді.
2023 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын Экономика мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2016 жылы метрология саласында «Азия Метролоджи» және «AKTOBE GAZ INNOVATIONS" ЖШС-де бастады.
2017-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы.
2019-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы.
2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппаратында депутаттың көмекшісі.
2022-2023 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының маманы.
2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің басқарма басшысы, директордың орынбасары.
02.06.2025-22.07.2025 – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Әкімшілік жұмысы департаментінің директоры.
2025 жылдың 23 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры




