Макишев Руслан Аманбайұлы

    Басшы

    Руководитель

    Макишев Руслан Аманбайұлы

    Басшы

    Өмірбаян

    Макишев Руслан Аманбайұлы , Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылы қазіргі Қанай би ауылында 1976 жылы 11 сәуірде дүниеге келген.

    2003 жылы мемлекеттік политехникалық колледжді автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша және 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ көлік бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін бере отырып, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірді.

    1993 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың тамызына дейін Зеренді ауданы Қарабұлақ (Қанай би) совхозы автопаркінің слесарі және жүргізушісі.

    1998 жылғы қазаннан 2002 жылғы қазанға дейін Теплотранзит ЖШС жылу желілерінің жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарь.

    2002 жылдың қазанынан 2003 жылдың тамызына дейін жылу желілерінің диспетчері.

    2003 жылдың тамызынан 2005 жылдың сәуіріне дейін жылу желілері диспетчерлік қызметінің басшысы.

    2005 жылғы сәуірден 2015 жылғы шілдеге дейін жылу желілерін пайдалану жөніндегі учаске басшысы.

    2016 жылдың шілдесінен 2018 жылдың желтоқсанына дейін «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК жылу желілерінің басшысы.

    2018 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы тамызға дейін «Көкшетау Жылу»ШЖҚ МКК бас директорының міндетін атқарушы.

    2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы маусымға дейін «Көкшетау Жылу»ШЖҚ МКК жылу желілерінің басқарушысы.

    2021 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК бас директоры қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері