
Өмірбаян
Әли Сағынтайұлы Қабдулов 1995 жылғы 19 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген.
2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек қызметін 2016 жылы «Тенгри банк» АҚ-ның Алматы филиалында заңгер болып бастаған.
2017–2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментінде бас сарапшы қызметін атқарған.
2020–2021 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеген.
2021–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатының көмекшісі қызметін атқарған.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты бастамалар басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатының көмекшісі болып жұмыс істеген.
2025 жылғы 28 сәуірден бастап Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ Бас инспекторы лауазымына тағайындалды.





