
Күлмаганбетова Шынар Минайдарқызы
Көкшетау қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Құлмағанбетова Шынар Минайдарқызы 1969 жылы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1990 жылдан Володар ауданы Антоновка ауылында Чалкар совхозрабкоопының бас есепшісі болып бастады.
1991 жылдан 1993 жылға дейін Целинный темір жолы Көкшетау станциясының бақылау-тексеру секторының шығыстары бойынша ревизор және жолаушы цехының техник-технологы, 1994 жылдан 1998 жылға дейін Володар ауданы Володар ауылында Орталық рабкоопа 2 санатты сатушы болып жұмыс істеді.
1999 жылдан бастап 2006 жылға дейін Ақмола облыстық әскери комитетінің қаржы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің есепкерінен Қаржы-шаруашылық қызметі (бухгалтерлік есеп) бөлімі бастығының орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2006 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің Қаржы – шаруашылық қызмет бөлімінің бастығы-Департамент бастығының көмекшісі болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қаржы бөлімінің бастығы, 2016 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға офицері (қаржы жұмысы).
2019 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін "Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі"ММ бухгалтер-статист қызметін атқарды.
Қала әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы өкімімен Шынар Минайдарқызы Құлмағанбетова "Көкшетау қаласы әкімінің аппараты"ММ қаржы-шаруашылық қызмет бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
