Айдашева Айнұр Жауғашарқызы

    Отдел службы управления персоналом (кадровая служба)

    Айдашева Айнұр Жауғашарқызы
    Руководитель отдела

    Айдашева Айнұр Жауғашарқызы

    Отдел службы управления персоналом (кадровая служба)

    Өмірбаян

    Өмірбаян

    Мен, Айдашева Айнұр Жауғашарқызы, 1982 жылы 10 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматшасымын. Ұлтым қазақ. Әскери міндетті емеспін.

    1996 жылы № 2 Ойыл кәсіптік техникалық лицейіне түсіп, 2000 жылы экономист-менеджер мамандығын алдым. 2000 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжіне «қаржы» мамандығы бойынша «Салық және салық салу» бөліміне түсіп, 2002 жылы 29 маусымда салық бойынша қаржы мамандығын алып бітірдім.

    Оқуды бітіргеннен кейін аудан аумағындағы «Ұлан» шаруа қожалығында есепші болып 2003 жылға дейін жасадым.

    2003 жылғы қараша айында жарияланған конкурс нәтижесінде аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің жетекші маманы болып қабылданып, осы қызметті 2005 жылдың қаңтар айына дейін атқарып, 2005 жылдың 5-ші қаңтарынан бастап аудан әкімі аппаратының ішкі құрылымдық өзгерістеріне байланысты аппараттың ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің кадрлармен жұмыс жөніндегі бас маманы қызметіне ауыстым. Осы қызметті жасай жүріп С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетіне түсіп, қаржы бакалавры мамандығын алып шықтым.

    2019 жылдың 14 мамырынан бастап Ойыл аудандық мәслихат аппаратының Е-4 санатындағы бас маманы лауазымына конкурсқа қатысып ауыстым. 2022 жылдың 2 наурызынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз өтінішім негізінде Ойыл аудандық мәслихат аппаратының бас маманы лауазымынан босадым.

    2022 жылдың 2 наурызынан бастап, 2023 жылдың 22 қарашасына дейін Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің E-R-5 санатындағы жетекші маман қызметін атқардым.

    2023 жылдың 22 қарашасынан бастап, «Ойыл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері