Сағынғалиев Рүстем Темірұлы

    Ойыл ауылдық округінің әкімі

    Сағынғалиев Рүстем Темірұлы
    Әкім

    Сағынғалиев Рүстем Темірұлы

    Ойыл ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мен Сағынғалиев Рүстем Темірұлы Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылында,1985жылы 2 тамызда дүниеге келдім. 1993 жылы Ақшатау мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, қоныс аударуыма байланысты аудан орталығына Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебіне 1997 жылы 6-сыныбына ауысып келдім. Осы аталған мектепті 2003 жылы жақсы деген бағамен аяқтап шықтым. 2003-2006 жылдары Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің колледжін “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығын үздік дипломмен бітіріп шықтым. 2006 жылы осы мамандық бойынша сырттай оқуға түсіп, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Денешынықтыру және спорт» мамандығының бакалавр дипломын бітіріп алдым.

    Еңбек жолымды 2006-2007 жылдары аралығында Ш.Бекмухамбетова атындағы орыс орта мектебіне дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастадым. 2007-2008 жылы оқу жылында Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебіне дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып ауыстым. 2009-2010 жылдары аралығында осы мектепте мектеп директорының орынбасары, 2012-2013жылы дене тәрбиесінің спорт нұсқаушысы, 2013 мектеп директоры жанындағы әлеуметтік педагогі, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі және 2019-2022 оқу жылында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып бірнеше лауазымдарда қызмет атқардым. Ұстаздық жолындағы еңбек қызметімді 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап басқа мемлекеттік лауазымға ауысуыма байланысты аяқтадым.

    Қазіргі таңда сайлаудың нәтижесімен 2025 жылдың 4-ақпанынан бастап Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округінің әкімі болып қызмет жасап келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері