
Избасов Адилбек Жансерикович
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі
Өмірбаян
2008-2012 жыл аралығында Алматы қаласы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітірдім.
Өмірбаян
Мен, Избасов Адилбек Жансерикович, 1991 жылы 12 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлтым қазақ. Әскери міндеттімін, қатардағы жауынгер.
1997 жылдың 1 қыркүйегінде Ш.Берсиев атындағы қазақ орта мектебіне қабылданып, 2008 жылы аталған мектепті аяқтадым. 2008-2012 жыл аралығында Алматы қаласы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды Берсиев модельді кітапханасында 2012 жылдың 07 шілдесі мен 2012 жылы 29 жетоқсан аралығында «Жастар тәжірибесі» бойынша уақытша жұмыс жасадым. 2013 жылы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі аппаратында еңбек шарты негізінде жұмыс жасадым. 2014 жылы Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман болдым. 2015 жылы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман болдым. 2016 жылы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман. 2016-2018 жыл аралығында Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман. 2018 -2022 жылдың 21 қазан айына дейін Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі болып қызмет атқардым. 14.11.2022 жылдан бастап 04.02.2025 жылға дейін «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекмесінің мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас инспекторы болып қызмет жасадым.
Қазіргі таңда, 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап, сайлаудың нәтижесімен Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі болып қызмет жасап келемін.





