
Өмірбаян
Ердос Рашидұлы 1986 жылдың 03 маусымда дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін ветеринариялық санитария және 2012 ж.Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2008 - 2009 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2009 - 2012 жылдары аралығында Сырым ауданы жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы білім беру бөлімінің бас маманы;
2012 - 2013 жылдары аралығында Сырым ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау жөніндегі бөлімінің бас маманы;
2013-2015 жылдары Сырым ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы;
2015 - 2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы;
2018-2019 жылдары Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды.



