
Өмірбаян
Төлегенов Айбат Алматұлы 1993 жылғы 29 шілдеде Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2013 жылы Батыс Қазақстан "АТиСО" академиялық колледжін құқықтану мамандығы, 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін құқықтану мамандығы, 2022 жылы Ресей Федерациясы Басқару және өндіріс академиясын құқықтану (магистр) мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Ақжайық ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған.
2016-2019 жылдары Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы және бас маманы, 2019-2020 жылдары Ақжайық ауданы әкімі аппаратының бас маманы (заңгер), 2020-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы – заңгері, 2022 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында қызмет атқарды.



