
Өмірбаян
Сердалин Мұрат Амангелдіұлы 1975 жылғы 31 тамызда Ақжайық ауданы Алмалы ауылында дүниеге келген.
Білімі-жоғары. 1998 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін ветеринария мамандығы, 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін юриспруденция мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақжайық ауданы Алмалы ауылындағы М.Өтемисов атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
1999 - 2002 жылдары «Мал дәрігерлік жәрдем» МҚК-ның Алмалы ауылдық округі бойынша мал дәрігерлік инспекторы.
2002 - 2003 жылдары ҚР АШМ Ақжайық аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы- ветинспекторы.
2003 - 2006 жылдары ҚР АШМ Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің бастығы.
2006 - 2008 жылдары ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің бастығы.
2008 - 2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы.
2010 - 2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы.
2014 - 2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
2018 - 2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
2023 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.



