
Сисенбиев Ерлан Мырзалиевич
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Сисенбиев Ерлан Мырзалиевич 1988 жылы 25 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келді. 1995 жылы М:В.Счастнов атындағы №249 орта мектепке қабылданып, 2006 жылы осы мектепті бітіріп шықты. Білімі жоғары. 2006-2010 жылдары аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін аударма ісі мамандығы бойынша, 2013-2015 жылдары аралығында Болашақ университетін ағылшын тілі пәні мұғалімі (шет тілі: екі шет тілі) мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 2010 жылы «Жанрос-Дриллинг» ЖШС-да аудармашы болып бастады.
2011-2013 жылдары аралығында «Салини Коструттори» С.п.А. аудармашы.
2014-2016 жылдары «Сыр Медиа» ЖШС-де сарапшы.
2016-2017 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында әдіскері.
2017-2018 жылдары Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері.2018 жылы Қазалы ауданы әкімі аппаратының әдіскері.
11.06.2018 ж-25.10.2018 ж Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы.
2018-2019 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының саяси партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің әдіскері.
2019-2020 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының саяси партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы.
2020-2021 жылдары «Болашақ Атырау» ЖШС-де аға-инженер сметашы.
2021-2022 жылдары Қызылорда облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің түсініктемелер беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы. 2022 жылы Қызылорда облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің директоры.
06.09.2022 ж-23.10.2023 ж Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де директор орынбасары.
2023-2024 жылдары Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының БАҚ және интернет-ресурстармен жұмыс бөлімінің басшысы.
2024-2026 жылдары Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы ҚХА-хатшылығы және этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы.
2026 жылы Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы тілдер, ономастика және этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы.
2026 жылдың 3 шілдесінен бастап Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





