
Мендіғалиев Қайыржан Ермекұлы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Қайыржан Меңдіғалиев тағайындалды.
Өңір басшысы өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Қайыржан Ермекұлына жұмысына табыс пен сәттілік тілеп, оның алдында тұрған бірқатар міндеттерді де тілге тиек етті.
БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА) бірінші проректоры, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы және маркетинг жөніндегі проректоры лауазымдарын атқарған, оқытушы, кейін Халықаралық бизнес университетінде (UIB) проректор болып жұмыс істеген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Инновациялық менеджмент” мамандығы бойынша бакалавриат және магистратураны бітірген.
Үйленген, үш баласы бар.
Лауазымдық міндеттері
Ұйымдастырады:
- қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және дамыту, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды;
- мәдениет және мұрағат ісі саласында сапалы қызмет көрсету, мұрағат қорының құжаттарын сақтау, есепке алу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды;
- ғылым, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды;
- дене шынықтыру мен спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жөніндегі жұмыстарды;
- туризмді дамыту жөніндегі жұмыстарды;
- жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, жастардың қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды;
- азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын және діни бірлестіктердің, рухани білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметін іске асыру саласында болып жатқан процестерді зерделеу жөніндегі жұмыстарды;
- мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту, толерантты тілдік орта құру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды;
- құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның жұмысын;
- құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның жұмысын;
- жоғарғы білім гранттарын бөлу жөніндегі комиссияның жұмысын;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссияның жұмысын;
- үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің жұмысын;
- жастар істері жөніндегі кеңестің жұмысын;
- дағдарысты жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік жедел штабының жұмысын.
Үйлестіреді:
- ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі, білім, ғылым, спорт, туризм, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту, құқықтық тәртіп салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылын;
- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, Халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды.
Төмендегідей облыстық басқармалардың қызметіне жетекшілік етеді:
- қоғамдық даму;
- мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі;
- білім;
- дене шынықтыру және спорт;
- дін істері.
Басшылықты жүзеге асырады:
- Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығына;
- ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі, білім, ғылым, спорт, туризм, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту, құқықтық тәртіп бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.





