
Ораз Нұрділдә Серікұлы
Аппарат басшысы
Өмірбаян
ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып Ораз Нұрділдә Серікұлы тағайындалды.
Ораз Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «31 арна» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.
Әр жылдары бірқатар республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер Департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болды. 2016ж. ҚР Бас Прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, 2019-2022жж. ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды.
Қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болды.
Лауазымдық міндеттері
Ұйымдастырады:
- экономиканың негізгі салаларына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстарды;
- Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының тұрақты жұмыс істеуін жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын.
Үйлестіреді:
- цифрландыру саласында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылды;
- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды.
Төмендегідей облыстық басқарманың қызметіне жетекшілік етеді:
- цифрлық технологиялар.
Басшылықты жүзеге асырады:
- әкім аппаратының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ цифрландыру бағыты бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.





