
Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы – 1969 жылы туған. Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «ғалым агроном», «заң ғылымдарының бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозында жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары:
- Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозы директорының жастармен жұмыс жөніндегі орынбасары, №2 Шоқтыбай бөлімшесінің агрономы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
- Шыңғырлау ауданы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болып қызмет етті.
Лауазымдық міндеттері
Ұйымдастырады:
- агроөнеркәсіптік кешен салаларының, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы салаларының бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жұмыстарды;
- жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу жөніндегі жұмыстарды;
- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыстарды;
- флора мен фауна түрлерінің биологиялық әртүрлілігін сақтау, ормандарды қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектілерін тиімді пайдалану және қорғау, мелиорация және суару жөніндегі жұмыстарды;
- жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жұмысын.
Үйлестіреді:
- ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі аумақтық органдардың өзара іс-қимылын;
- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, Халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды.
Төмендегідей облыстық басқармалардың қызметіне жетекшілік етеді:
- ауыл шаруашылығы;
- жер қатынастары;
- табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу;
- ветеринария;
- жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс.
Төмендегідей облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жетекшілік етеді:
- бірыңғай заң қызметі.
Басшылықты жүзеге асырады:
- ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.





