
Мүлкәй Мирас Рүстемұлы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылысшы»мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
* Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі- абаттандыру секторының бас маманы,
* Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі,
* Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің орынбасары,
* Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы,
* Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінде болды.
Лауазымдық міндеттері
Ұйымдастырады:
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмысты;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендер, өнеркәсіптік объектілері, телекоммуникация желілері, абаттандыру, көгалдандыру, қалдықтарды басқару салаларында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты;
- энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау бойынша жұмысы;
- жолаушылар көлігі саласында бірыңғай саясатты жүргізуде және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде реттеу, үйлестіру және бақылау бойынша жұмысты;
- тұрғын үй қорын басқару саласында объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты.
Үйлестіреді:
- құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру, өнеркәсіп, көлік, автомобиль жолдары, телекоммуникация, қала құрылысы, сәулет, сәулет-құрылыс бақылау салалары бойынша бағдарламалар мен кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуы бойынша аумақтық органдардың өзара әрекеттесуін;
- өз құзыреті шегінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара әрекеттесуін.
Төмендегідей облыстық басқармалардың қызметіне жетекшілік етеді:
- құрылыс;
- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы;
- энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары.
Басшылықты жүзеге асырады:
- әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру, өнеркәсіп, көлік, автомобиль жолдары, телекоммуникация, қала құрылысы, сәулет, сәулет-құрылыс бақылау бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.





