
Руководитель
Өмірсерікұлы Нұржан
Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы
Өмірбаян
Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
- 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Экономика" мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық - заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
- 2005-2006жж. - Қалалық қаржы бөлімінің есепшісі, Қызылорда қаласы;
- 2006 ж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы;
- 2006-2008жж.- Қызылорда облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы;
- 2008-2011жж.- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Астана қ.;
- 2011-2014жж.- Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы;
- 2014-2016жж.- - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, Тереңөзек кенті;
- 2016-2018жж.- Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы;
- 2018-2019жж.- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Нұр-Сұлтан.
- 2019ж. «Shymkent «Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы.
- 01.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының лауазымына тағайындалды.





