
Калиянова Алина Серікқызы
«Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Калиянова Алина Серікқызы 28 шілдеде 1989 жылыСемей облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей өңірлік филиалының тағам өнімдерінің қауіпсіздігін зерттеу бөлімінің ветеринариялық дәрігері қызметінен бастады.
2012 ж. — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Семей өңірлік филиалы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін зерттеу бөлімінің ветеринариялық дәрігері;
2014 ж. — Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Новобаженово ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы міндетін атқарушысы;
2014–2018 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Новобаженово ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2018–2022 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2022 ж. — Абай облысының қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру бөлімінің бас маманы;
2022–2023 жж. — Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің бас маманы;
2023–2024 жж. — Абай облысы Семей қаласының Достық ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2024 ж. — «Астана-20» мемлекеттік қоры қаржыландыру және жоспарлау департаментінің менеджері;
2024 ж. — арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін Абай облысы Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы міндетін атқарушысы;
2024–2025 жж. — Абай облысы Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2025–2026 жж. — «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.
2026 жылғы 14 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.




