
Сакенов Мадияр Советұлы
"Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, механикаландыру, техникалық инспекция және азық-түлік қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сәкенов Мадияр Советұлы 1993 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген . 2014 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистратурасын «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы «ШҚО Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қоғамдық жұмыс қызметінен бастады.
2016 ж. — «ШҚО Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қоғамдық жұмыс қызметі;
2017–2018 жж. — «Мұздыбай-1» шаруа қожалығының агрономы;
2019–2020 жж. — «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жерге орналастыру және жер қатынастарының қала шегі бойынша секторының бас маманының міндетін атқарушысы;
2020 ж. — «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жерге орналастыру және жер қатынастарының қала шегі бойынша секторының бас маманы;
2020–2021 жж. — «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің іс-қағаздар жүргізу инспекторы;
2021 ж. — «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жерге орналастыру және жер қатынастарының қала шегі бойынша секторының бас маманының міндетін атқарушысы;
2021–2022 жж. — «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жерге орналастыру және жер қатынастарының қала шегі бойынша секторының бас маманы;
2022 ж. — «Абай облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жерге орналастыру және жер қатынастарының қала шегі бойынша секторының бас маманы;
2022–2024 жж. — «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өсімдік шаруашылығы және техникалық инспекция, механикаландыру бөлімінің бас маманы;
2024–2025 жж. — «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өсімдік шаруашылығы және техникалық инспекция, механикаландыру бөлімінің бас маманы.
2025 жылғы 27 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, механикаландыру, техникалық инспекция және азық-түлік қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы.




