
Ргаев Ерлан Кенжебекұлы
"Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ агроөнеркәсіптік кешенді экономикалық және стратегиялық талдау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ргаев Ерлан Кенжебекұлы 21 маусым 1981 жылы Аягөз ауданы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Семей қаласының бухгалтерлік колледжін және 2003 жылы М.О. Әуезов атындағы «Семей» университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Павлодар қаласындағы «Инструментальный зауыты» акционерлік қоғамында темір кескіш қызметкері қызметінен бастады.
2003–2004 жж. — Павлодар қаласындағы «Инструментальный зауыты» акционерлік қоғамының темір кескіш қызметкері;
2005–2006 жж. — Павлодар қаласындағы «Инструментальный зауыты» акционерлік қоғамы мекемесінің есепшісі;
2006–2007 жж. — «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы міндетін атқарушысы;
2007–2008 жж. — «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы;
2008–2015 жж. — «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі;
2015–2020 жж. — «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы секторының бас маманы;
2020–2024 жж. — «Абай облысы Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы секторының меңгерушісі.
2024 жылғы 8 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің агроөнеркәсіптік кешенді экономикалық және стратегиялық талдау бөлімінің басшысы.




