
Дулат Қуаныш Дәулетұлы
«Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мал шаруашылығын дамыту, субсидиялау және қайта өңдеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Дулат Қуаныш Дәулетұлы 11 шілде 1996 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында дүниеге келген.
2018 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша, 2020 жылы Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2023 жылы Семей қаласындағы «Alikhan Bokeikhan Universitety» «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2018 жылы Көкпекті ауданында орналасқан «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ветеринариялық дәрігер қызметінен бастады.
2018–2020 жж. — Көкпекті ауданында орналасқан «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ветеринариялық дәрігері;
2018–2020 жж. — «Көкпекті-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ветеринариялық дәрігері;
2020–2022 жж. — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
2022 ж. — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Самар аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
2022–2024 жж. — «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімінің бас маманы;
2024 ж. — «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөлімінің бас маманы.
2024 жылғы 17 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мал шаруашылығын дамыту, субсидиялау және қайта өңдеу бөлімінің басшысы.




