Мейрамбеков Серік Тлемісұлы

    Әкімшілік жұмысы департаментінің директоры

    Мейрамбеков Серік Тлемісұлы
    Директор

    Мейрамбеков Серік Тлемісұлы

    Әкімшілік жұмысы департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Серік Тлемісұлы 1968 жылы 01 қыркүйекте Алматы қаласында туылған.

    1992 жылы Алматы сәулет-құрылыс университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

    1999 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім институтын құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласы «Бөбек» жалға алу кәсіпорнының директоры болып бастаған.

    1996 жылдан бастап 1998 жыл бойынша – Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында жедел уәкіл, аға жедел уәкіл аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкіл.

    1998 – 2000 жж. ҚР Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетінде аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы, тергеу бөлімінің бастығы, департамент бастығының орынбасары.

    2000 – 2001 жж. ҚР Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша Сот қаулыларын орындау жөніндегі департаменттің бастығы.

    2001-2007 жж. ҚР Әділет министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Әділет департаментінде басқарма бастығының орынбасары, департамент бастығының орынбасары.

    2007 – 2009 жж. ҚР Әділет министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Әділет департаментінің бастығы.

    2009 – 2011 жж. ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша Соттар қызметін ұйымдастыру жөніндегі әкімшінің орынбасары.

    2011 – 2011 жж. Қарағанды облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары, ҚР Жоғарғы Сотының стратегиялық әзірлемелер және талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

    2011 – 2014 жж. жеке құрылымда жұмыс атқарды.

    2014 -2016 жж. «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы Туристік сала комитетінің Хатшылық хатшысының орынбасары.

    2016 -2018 жж. жеке құрылымда жұмыс атқарды.

    2018 – 2018 жж. «Сарыарқа» ӘКК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

    2018 – 2022 жж. жеке құрылымда жұмыс атқарды.

    2022 – 2023 жж. Су ресурстары комитеті Құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік-бақылау жұмысы басқармасының басшысы, Комитет төрағасының орынбасары.

    2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Әкімшілік жұмысы департаментінің директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері