
Сабырұлы Жанасыл
Жетісу облысы бойынша экология департаментінің Басшы орынбасары
Өмірбаян
1989 жылы 25 шілдеде Жетісу облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Үйленген, 3 бала.
2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Саясаттану"мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Саясаттану"мамандығы бойынша магистратура бітірген.
2016 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Экономика"мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың мамырына дейін-"жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ жаңа инновациялық жобалар секторының бас маманы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ мониторинг басқармасының бас маманы, Астана қаласы.
2018 жылғы мамырдан 2021 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылау басқармасының сарапшы м.а., сарапшы, бас сарапшысы, Астана қаласы.
2021 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қазанға дейін - Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті топтық су құбырларын дамыту басқармасының бас сарапшысы, Нұр-сұлтан қаласы.
2022 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті басшының орынбасары - Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы, Талдықорған қаласы.





