
Өмірбаян
Рахымжан Дабылұлы 1982 жылы Қазалы ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дизайн» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003-2005 жылдары Қызылорда қаласындағы "R-Дизайн" ЖК мекемесінде дизайнер болып бастаған.
2006-2007 жылдары Қызылорда қаласындағы "Құдиярова Ж. "ЖК мекемесінде дизайнер, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласындағы" Тұран-Әлем Банкі "АҚ Қызылорда филиалында менеджер, Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі "БТА Банк" АҚ ҚҚ, "Жанкент" бөлімшесінің бастығы, кредиттік сарапшы, 2008-2010 жылдары "сайно корпорациясы" ЖШС Ақтөбе қаласы серіктестікте 2010-2018 жылдары Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде "Бердімұрат Р." ЖК атқарушы директоры, 2019 жылдан бастап Әйтеке би кентінде "Бердімұратов Б." ЖК өндірісінің басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың 23 сәуір айынан бастап Сарыкөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді .




